«Мені шыңдаған Серпін» байқауының  қатысушылары бүгін 31 қазанда екінші турға қатыстық. Екінші түр екі кезеңнен тұрды: теориялық сұрақтар және практикалық тапсырма. Теориялық сұрақтарға 45 минут уақыт, ал практикалық тапсырманы орындауға 1 сағат уақыт берілді. Дегенмен уақыт аз болғандығына қарамастан, біз білімімізді барынша көрсетуге тырыстық.

Тур аяқталғаннан кейін жаңа қатысушы-достарымызбен нәтижесін күттік.

Бұл конкурста біз жүлделі орын ала алмадық, бірақ біз өз біліміміз бен мүмкіндіктерімізді шынайы бағалап, әлсіз тұстарымызды анықтай алдық.

Біз байқауды ұйымдастырушылардға өз біліміміз бен дағдыларымызды қолданып және оны бағалауға берген мүмкіндік үшін рахмет айтамыз, сонымен қатар біздің оқытушыларарымызға бізді білімге қанықтырағы және әрқашан дұрыс жолды көрсететіндері үшін үлкен алғыс білдіреміз.

5В073000- Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері
Аманқұл Әділ
Көптилеу Эрик