Өткен аптада ғана, білім гранттарын тағайындау бойынша байқауға өтініш қабылдау науқаны аяқталды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті өкілдері ШҚО және Қазақстанның түкпір түкпірінде қызмет көрсетті.

ШҚТУ қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарында және Алтай, Риддер, Семей, Атырау, Ақтау, Шымкент, Талдықорған және басқа да қалаларда абитуриенттер құжаттарын қабылдады.

Өтініш қабылдау пункттерін ұйымдастыруда қол ұшын созған Зайсан аудандық технология колледжі директоры Сейілханов Ерік Тақанұлына, Алтай қалалық технологиялық колледжі директорының орынбасары Юсупова Зәуре Серікқызына, Геологиялық барлау колледжінің бөлім менеджері Ибраева Шынар Омашқызына, Семей қаласы бойынша білім бөлімі методисі Нұрбаева Гүлмира Ғалымқызына, Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 мектеп директоры Сейітқазин Оралбек Сейітқазыұлына алғыс білдіреміз.