Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы жариялады.
Президент жасанды интеллект пен цифрлық дамуға жауапты жаңа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы хабарлады. Бұл министрлік барлық салада AI-технологияларды енгізу мен цифрландыруды үйлестіретін болады. Сонымен қатар, Цифрлық кодекс іске асырылып, Ұлттық банк жанынан мемлекеттік цифрлық активтер қоры құрылатын болады, сондай-ақ стратегиялық крипторезерв қалыптастырылады.
Мемлекет басшысы Алатау қаласына ерекше назар аударды – бұл қалаға арнайы мәртебе беріліп, ол Қазақстандағы алғашқы толық цифрлық қала болады. Экономикалық салада Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін «Банктер туралы» Заңды дайындауды тапсырды. Сонымен бірге, Заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды. Ол заңнамалық базаны жаңғырту мен инвестициялық ахуалды жақсартудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Президент алдағы үш жылда сирек металдар өндірісін іске қосу туралы, сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы жобалардың, соның ішінде екінші және үшінші АЭС салуға дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Президент Жолдауында көрсетілген бағыттарды белсенді дамытып келеді: университет жасанды интеллект, цифрландыру және смарт технологиялар салаларындағы жобалармен жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындармен, оның ішінде металлургия және сирек металл элементтері саласында әріптестік бастамалары жүзеге асырылуда. Ғылыми ұжымдар энергетика және жасыл технологияларға қатысты зерттеу жобаларына белсене қатысуда.
Университетте жас ұрпақты тәрбиелеуге, студенттердің азаматтық ұстанымын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, адал еңбекке ұмтылысын, саяси және құқықтық мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тек заманауи білім мен дағдыларға ие емес, сонымен қатар қоғам мен ел алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Президент жоғары білім мен ғылымның болашағымен тікелей байланысты стратегиялық басымдықтарды айқындады. ШҚТУ елдің цифрлық трансформациясына, экономиканың жаңа салалары үшін кадрлар даярлауға, сондай-ақ жасанды интеллект, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын.