Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.С. Калиева онлайн форматта Новосібір қаласында «Рухани-адамгершілік мәдениет: тарихи жады және ұлттық сана» атты университетаралық ғылыми-ағартушылық студенттік конференциясына қатысты.
«Қазіргі заманғы адамдар мен ұрпақтар тарихи-мәдени жадыда мемлекет тарихы» атты секциясында «Тарихи жады және мәдениаралық стереотиптер: дәстүрлер мен қабылдаулардың өзара әрекеті» атты баяндама жасалды.
Қ.С. Калиева өз сөзінде мәдениаралық әрекеттестік жағдайында тарихи жадтың қалыптасу мәселелерін қарастырып, дәстүрлердің өткенді қабылдауға әсерін талдады және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда ғылыми диалогтың маңыздылығын атап өтті. Баяндамада ұсынылған идеялар ШҚТУ-да жүзеге асырылатын «Толық адам» жобаның мақсаттарымен тікелей сәйкес келеді, ол студенттерде ашық сана, ұлттық идентичность, жаһандану жағдайында бәсекеге қабілеттілік, сыни ойлау, білім мәдениеті және төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.
ШҚТУ оқытушысының халықаралық ғылыми алаңға қатысуы университеттің академиялық ынтымақтастықты және гуманитарлық зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі болып табылады.