12-13 сәуір аралығында «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығының үш студентінен құралған Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ командасы Алматы қаласының Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТЗУ-да өткен Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне қатысты. Сондай-ақ мұнда республикалық ғылыми конференция өтті.

ниверситетіміздің өкілдері барлық жүлделі орындарды иеленді. І орын 15-ГР-1 тобының студенті Николай Крысинге, ІІ орын - 16-ГРК-1 тобының студенті Нұрсәуле Тлеулеске және III орын 16-ГР-1 тобының студенті Арнұр Мұқулысовқа бұйырды.

Сонымен қатар, студенттеріміз ұлы ғалым, академик Қаныш Сәтпаевтың туған күніне және ғылым күніне орай ескерткішіне  салтанатты гүл қою рәсіміне қатысуға мүмкіндік алды! Айта кетейік, «Геология және тау-кен ісі» кафедрасы келесі жылы университет қабырғасында осындай іс-шараларды өткізу құрметіне ие болды!