Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Саясат Нұрбекті Қазақстан Республикасының жаңа Үкіметі құрамында Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл шешім еліміздің ғылымы мен жоғары білімін дамытуға бағытталған реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етеді. Инженерлік кадрлар даярлау, қолданбалы ғылымды, жасанды интеллектіні және университеттердің өндіріспен байланысын дамыту техникалық жоғары оқу орындары үшін ерекше маңызға ие.

Құрметті Саясат мырза! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат және жауапты қызметіңізге толағай табыс тілейміз! Бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, Қазақстанның ғылымы мен жоғары білімінің дамуына жаңа серпін берсін!

Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы