25 қазаннан 1 қараша аралығында Сібір мемлекеттік жол байланысы университеті moodle2 виртуалды оқу ортасында ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысушылармен) «Культур и стран связующая нить» тақырыбында Ресей Федерациясындағы ғылым мен технологиялардың онжылдығына орай онлайн олимпиада өтті. Биыл Олимпиадаға Беларусь, Қазақстан және Ресейдің 25 жоғары оқу орнынан 319 студент қатысты. Олимпиадаға ШҚТУ-дың 1 курс студенттері: Мырзабеков Мадияр, Вайс Катерина, Түсіпова Рамира, Әділбекова Карина, Билаханова Делила, Гарифуллина Ксения, Макижанова Айғаным, Айдарбекова Ақерке, Әділханов Әліби қатысты. Олимпиадаға қатысушылар, ғылыми жетекшілері - Семенова С.Д., Калелова И.М., Попкова Е.В., Токтаргалиева К.М., Ней Е.Ф. сертификаттар мен алғыс хаттар алды.

«Қазан мемлекеттік энергетикалық университетінің» «Шет тілдер» кафедрасы біздің ЖОО І Бүкілресейлік «Шет тілдері – болашақ кәсіпке жол» эсселер байқауына шақырды. 20 қазан 25 қараша аралығында өткен байқауға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері мен магистранттары қатысты.

Халықаралық эссе байқауының қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Нұрмұхамет Дания, 2 дәрежелі дипломмен Асылбекова Карина, Мамырбаева Еркежан, Пуляк Виктория, 3 дәрежелі дипломмен Сигатпаева Әмина марапатталды.

Студенттер мен магистранттардың ғылыми жетекшілері – шет тілдері кафедрасының аға ұстаздары Ней Е.Ф., Семенову С.Д., Попкову Е.В., Горбань Е.Е. жаңа жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!