Колледж ұжымдарын, оқытушыларды, өндірістік оқыту шеберлерін және білім беру саласының ардагерлерін кәсіби мерекелері – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ел экономикасына қажетті білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарады. Колледж қабырғасында жастар алғашқы кәсіби дағдыларын меңгеріп, заманауи технологиялармен танысады, өндірістік тәжірибе жинақтап, болашақ мамандығына нық қадам жасайды.
Колледждер, жоғары оқу орындары және кәсіпорындар арасындағы өзара байланыстың маңызы ерекше. Білім беру бағдарламаларының сабақтастығы, тәжірибеге бағытталған даярлық және жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық жастардың үздіксіз кәсіби дамуына және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінің ұжымына ерекше құттықтауымызды білдіреміз! Оқытушылар мен қызметкерлерге кәсіби табыс, жаңа білім беру жобалары, талапты студенттер және толағай жетістіктер тілейміз. Студенттерге беріп жатқан білімдеріңіз бен практикалық дағдыларыңыз олардың кәсіби болашағына берік негіз болсын!
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласының барлық қызметкерлеріне кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және жаңа буын мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.