Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы оқу орнымыздың түлегі Ренат Құрметжанұлы Айтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалуымен құттықтайды!

Ренат Құрметжанұлы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Кәсіби қызметі барысында мемлекеттік органдарда мол тәжірибе жинақтап, лайықты еңбек жолынан өтті.

Бұл жауапты тағайындау – оның жоғары кәсібилігі, басқарушылық тәжірибесі мен өз ісіне адалдығының мойындалуы, сондай-ақ туған университеті үшін зор мақтаныш.

Ренат Құрметжанұлына жаңа қызметінде табыс, алға қойған мақсаттарының орындалуын, жемісті еңбек және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!