Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына біздің университетіміздің түлегі - Данияр Уахитов тағайындалды деген қуанышты жаңалықпен бөлісеміз.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде алған білімі оның кәсіби дамуына және мемлекеттік қызмет саласындағы табысты мансабына мықты негіз болды.

Данияр Аскарұлына жаңа жауапты қызметінде сәттілік, кәсіби биіктер, зор денсаулық пен облысымыздың көлік және автомобиль саласын дамыту жолындағы жұмысына шабыт тілейміз!