Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Зимановская Наталья Александровнаны 10400 - жер және қоршаған орта туралы ғылымның ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруімен құттықтайды.

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының "Ғылыми атақ беру туралы" бұйрығы шықты.

Айта кетейік, ШҚТУ қызметкерлері ғылыми қызметпен тұрақты түрде айналысады, оған заманауи жабдықтар мен зертханалардың кең паркі ықпал етеді, түрлі жобалардың бастамашылары болып табылады, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысады.

Наталья Александровна, ШҚТУ ұжымы Сізге зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейді!