Альфия Манарбекқызы Закимова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма мүшесі - стратегиялық даму жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

Университет ұжымы Альфия Манарбекқызын жауапты қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды!

Стратегиялық даму университеттің ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындау, білім беру мен ғылымдағы жетістіктерін нығайту, басқару тиімділігін арттыру және серіктестік байланыстарын кеңейту міндеттерін қамтиды. Бұл жұмыстың маңызы ШҚТУ-дың зерттеу университеті ретіндегі жаңа даму кезеңінде арта түседі.

Алда ғылыми және инновациялық әлеуетті одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ортақ мақсаттарға жету жолында ұжымның күш-жігерін біріктіру міндеттері тұр.

Альфия Манарбекқызының кәсіби тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті университеттің стратегиялық міндеттерін табысты жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдіреміз.

Жаңа қызметте табыс, ұжыммен жемісті жұмыс, тың идеялар және университеттің өркендеуіне бағытталған бастамалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз!