Ағымдағы жылдың 28 наурызында Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде физика пәнінен Х Республикалық студенттік олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті сынды Қазақстанның 20 жетекші жоғары оқу орындарынан 120-дан астам студент қатысты.

Университетіміздің намысын «Техникалық физика» мамандығының 2 курс студенттері Ерасыл Отаров, Нуртолеу Магазов және Айнұр Нұрахметова қорғады.

16 ТФК-1 тобының студенті Ерасыл Отаров аталмыш сайыста  ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жеңісіңмен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз! Студенттердің физика пәнін оқуға танымдық қызығушылығын дамытқандығы үшін «Техникалық физика» кафедрасының оқытушыларына алғыс білдіреміз.