2026 жылғы 10 тамызда әскери кафедра студенттері Ұлы Отан соғысының ардагерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтауға арналған іс-шараға қатысты.

Мерекелік іс-шара 1926 жылдың тамыз айында Алтай өлкесі Чарыш ауданының Маралиха ауылында дүниеге келген Харин Макар Родионовичтің 100 жылдық мерейтойына арналды.

1943 жылы ол Кеңес әскері қатарына шақырылып, майдандағы әрекет етуші армия құрамына жіберілді. 52-гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-гвардиялық атқыштар полкінде минометші болып әскери қызмет атқарды. Ленинград және Балтық майдандарындағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылы ауыр жарақат алып, әскери қызметтен босатылды.

Соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.

Майданнан оралғаннан кейін туған ауылында еңбек етіп, мал шаруашылығымен айналысты. Кейін құрылыс комбинатында және облыстың газ шаруашылығы саласында қызмет атқарды.

Әскери кафедра студенттері мерейтой иесін ғасырлық мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.