25 және 26 сәуір күндері Астана қаласында ENACTUS Ұлттық Кубогы өтеді. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жарыстарға белсенді түрде дайындалуда.

Жобалар жүзеге асырылуда, ал команда мүшелері өз университетін  лайықты деңгейде таныстыру үшін және жарыстардың жеңімпаздарын атану үшін түрлі  курстарда арқылы білім-біліктерін көтеруде.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Талғат Қасенов ұсынған «Атамекен» жас кәсіпкер мектебі жас стартаперлер үшін курстар өткізді. Курс барысында әр қатысушы өз жобасын жүзеге асыруға қажет негізгі білім алды. Сондай-ақ барлық жобалардың бизнес-жоспары жасалды. Студенттер кәсіпкерлік саласында үлкен тәжірибе жинақтаумен қатар көшбасшылық дағдыларын дамытты.

Бір ай көлемінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Startup академиясының студенттері ENACTUS ұлттық байқауына дайындалу үшін GOODWILL орталығы ұсынған шешендік курстардан өтеді.

Ресейдің театр жұмысшылары одағының мүшесі, актриса және режиссер Дана Турклиева шеберлік сағаттарын өткізбек. Бұл сабақтар нәтижесінде студенттеріміз сұхбат немесе монолог барысында көркем әрі  икемді сөйлеу жолдарын және өз ойларын әсерлі, тиімді түрде жеткізу тәсілдерін меңгереді.

31 наурызда Ұлттық жарыстарға дайындық аясында алғашқы  мастер-класс өткізілді. Қатысушыларға шешендік өнердің негіздері туралы әңгімеледі, кейіннен олардың әрқайсысы импровизацияланған сахнада өздерінің әңгімесін жеткізді.

Ал 1 сәуірде Startup академиясының GoCamp жобасы және оның жетекшісі Тахмина Меримбаеваның қолдауымен ат спорттық-сауықтыру орталығында кезекті курс өтті. Аталмыш шеберлік сағатында студенттер қызықтыратын сұрақтарын қойып, барлығына жауап алды.

ENACTUS Ұлттық кубогы үшін күресте студенттерімізге сәттілік тілейміз!

Startup Academy EKSTU