23–29 қазан аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерін «Казцинк» компаниясының K’ADAM мақсатты даярлау бағдарламасына іріктеудің бірінші кезеңі өтті.

Компанияның өндірістік бөлімшелерінің басшыларымен өткен әңгімелесуге жеті білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 2-курстың 30 студенті қатысты.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 19 студент медициналық тексеруден өтуге жіберіліп, тағы 2 студент резервтік тізімге енгізілді.

K’ADAM — студенттерге оқу барысында өндіріс жұмысымен танысуға, тәлімгерлердің жетекшілігімен тәжірибе жинақтауға, нақты өндірістік міндеттерді шешуге және болашақ кәсіби қызметіне дайындалуға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Ағылшын тілін кемінде B1 деңгейінде меңгерген кейбір қатысушылар үшін Германияда халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігі де қарастырылған.