2024 жылдың қыркүйек айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Allur автокөлік зауыты студенттерге арналған дуалды оқыту туралы келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың алғашқы оқу жылы аяқталды, енді алғашқы қорытындыларды жасауға болады.

Өндірістік тәжірибе

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» және «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының студенттері жыл бойы Қостанай қаласындағы Allur зауытының өндірістік базасында оқудан және тәжірибеден өтті. Бағдарлама аясында олар:

  • көлік техникасының тораптары мен агрегаттарын құрастыруға қатысты;
  • кәсіпорындағы логистика мен өндірістік циклдарды ұйымдастыруды зерделеді;
  • заманауи технологиялар мен жабдықтарды меңгерді;
  • тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен жұмыс істеп, құнды кәсіби дағдыларды игерді.

Негізгі құзыреттерді қалыптастыру 

Сабақтар нақты өндірістік жағдайларға барынша жақын өткізілді. Студенттер келесі бағыттарда дағдыларын дамытты:

  • үдерістерді ұйымдастыру және сапаны бақылау;
  • логистикалық сызбаларды талдау;
  • көлікті техникалық қызмет көрсету және диагностика;
  • автокөлік ағындарын басқару.

Ерекше көңіл еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби мәдениет пен жауапкершілікті дамытуға бөлінді.

Жылдың салтанатты қорытындылануы және жаңа жоспарлар

Диплом тапсыру салтанатына Allur компаниясының техникалық мәселелер жөніндегі директоры Бахтияр Мұратұлы Елеусізов қатысты. Ол бірлескен жұмыстың нәтижелеріне жоғары баға беріп, дуалды оқыту аясында тәжірибеден өткен студенттерге арнайы сертификаттар табыстады.

Алайда ынтымақтастық мұнымен шектелмейді. Бахтияр Мұратұлы университет ректоры Сауле Жадыгерқызы Рахметуллинамен келіссөздер жүргізіп, оқу орнының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың қатарында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Асия Хасеновна, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Конурбаева Жадыра Тусупкановна және Халықаралық инженерия мектебінің оқытушылары бар.

Кездесу барысында бағдарламаны одан әрі дамыту, жаңа мақсаттар мен міндеттер айқындалып, келесі оқу жылына студенттерді іріктеу жүргізілді. 

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Allur бірлескен жұмыстарын жалғастырып, жоғары білікті мамандарды даярлауда жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда!