Ангар кездесуі былтырғы оқу жылында өткенін білеміз. Бұл уақытта әрбір жиында талқыланған ойларын кей жастар жүзеге асырып та үлгерді.

ANGAR –студенттердің ойларын жүзеге асырып, идеяларын дамытатын орта.

Бұл кездесуде ШҚТУ студенттері жаңа дүниелерді танып, бизнес-идеяларға қанық болып, тәжірибелі бизнес өкілдерімен ақылдасады. Артынша өз жоспарларын іске асырады.

Бүгінгі кездесу Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы және Nazarbayev University, Tech Central Asia стартап үйлестірушісі Болат Сұлтанғазинмен өтті.

Сыйлы қонақ стартапты қалай үйлестіру керек екенін, жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін қалай инвесторларды тарту керектігін айтып берді.

ANGAR әр бейсенбі күні, сағат 17:00-де, университеттің түкпір-түкпірінде өтеді.

Қатысам деушілердің барлығын күтеміз!