20 сәір күні Риддер аграрлық-техникалық колледжінде «Химия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының доценті Е. Иващенко колледж түлектерімен кәсіби бағдар-насихат жұмыстары жүргізді.

Кездесуге келесі мамандықтар бойынша шамамен 125 студент қатысты: «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Түсті металдар металлургиясы», «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру», «Кен машиналары мен электромеханикалық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету»,«Электрлік және электромеханикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу».

Кездесу барысында түлектерге біздің университеттің мамандықтарының тізімі қамтылған буклеттер ұсынылды.

Колледж студенттеріне қысқартылған оқыту формасы бойынша қабылдау шарттары, ТКТ өткізу формасы мен уақыты, тәжірибе түрлері мен тағайындалатын дәрежелер туралы ақпарат берілді, сондай-ақ университет жайлы бейнеролик корсетілді.

Түлектерді айтуынша олар үшін маңызды мәселелердің қатарында Өскемен қаласында тұрғын орынмен қамтылу, әскери кафедраның болуы, гранттардың бөлінуі, тәжірибеден өту базасы және ары қарай магистратура мамандықтарында білім алу мүмкіндігі сынды өзекті факторлар болды.

Іс-шараға қатысушылар біздің университетті тәмамдап, жоғары білікті мамандарға айналған жерлестерінің өздерінің қалаларында беделді кәсіпорындарда жұмыс істейтіндігі жайында айтып өтті.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі