Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «математика» пәні бойынша ауыл мектебін бітірушілер арасында математик, қазақ тілінде оқыту факультетінің тұңғыш деканы Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасын өткізеді. Олимпиадаға ШҚО ауыл мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада екі турдан тұрады.

Біріншісі - қашықтықтан өтеді. Тапсырмалар электрондық пошта арқылы 29 наурызға дейін жіберіліп, оларды орындауға 7 сәуірге дейін уақыт беріледі. Тапсырма жауаптары mat_olimpiada@ektu.kz электрондық поштасына қабылданады. Тапсырмалар 9 сәуірге дейін дейін тексеріледі. Екінші турға конкурс комиссиясының шешімімен бірінші турда жеткілікті балл жинағандар өтеді. Оларға электронды пошта арқылы екінші - көзбе-көз турға шақыру жіберіледі. Екінші турға бір мектептен екі оқушыға дейін қатыса алады.
Екіншісі - көзбе-көз тур, 19 сәуірде Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өтеді.

Орындалған жұмыстарды ШҚМТУ оқытушылары тексереді. Бірінші тур нәтижелері ШҚМТУ сайтының «Талапкер» бөліміне (www.еktu.kz), ШҚМТУ оқу-білім беру порталының «Оқушыға» бөліміне (www.do.ektu.kz) шығарылады.
ШҚМТУ сайттарында олимпиада жайлы басқа да материалдар жарияланып тұрады.

Олимпиадаға қатысу тегін. Тамақтану, тұрғын-жай, университетке келіп қайтқан жол-көлік шығындары қатысушылардың өз есебінен төленеді.
Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Көзбе-көз турға қатысқандарға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға оқуға түскен жағдайда оқыған кезеңінде университет желісінде тегін Интернет беріледі.

Бастамашыл топ жетекшісі:

Мұхамедиев Ғ.Х., ШҚМТУ «Ақпараттық технологиялар және энергетика» факультетінің деканы, физ.- мат. ғылымдары кандидаты

 

Бастамашыл топ мүшелері: Ақтанов С.Қ., «Қазақавтожол» РМК ШҚО филиалы директоры Өзденбаев Ж.Ш., ШҚМТУ Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, техника ғылымдары кандидаты

Т.Ғ.Жантасовты еске алу шараларына қатысу, олимпиаданы қолдау, демеуге тілекшілер Ж.Ш.Өзденбаевпен ZhUzdenbaev@ektu.kz адресі бойынша хабарласуына болады.