30 мамыр мен 14 маусым аралығында «EKTU Educational Academy» желілік инженерлік мектебінде облыстың 100-ден астам ұстаздары аралас форматта информатика, математика, физика, сонымен қатар мектеп оқушыларының ғылыми және стартап жобаларына жетекші құзыретін қалыптастыру бойынша «STEM білім беру интенсив» біліктілікті жетілдіру курстарын сәтті аяқтады.

Курс бағдарламасына психологиялық тренинг және ӨЕШТ қолданумен «Өзгерістерді басқару» семинары, жобаларды қорытынды қорғау кіреді.