Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Студенттік Ассамблеясының төрағасы Төрегелдиева Диляра, Қостанай қаласында өткен I Республикалық Студенттік Ассамблеялар форумына қатысты.

Форумның басты мақсаты – студенттік өзін-өзі басқару институтын дамыту, кросс-мәдени көшбасшылықты нығайту және Студенттік Ассамблеялардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау болды. Пленарлық отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Азильханов, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан және жастар саясаты саласының жетекші өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушылар студенттік өзін-өзі басқару жобаларына инвестиция тарту мәселесіне арналған мастер-класқа қатысып, нақты жобалық кейстермен танысып, өз идеяларын дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған Студенттік Ассамблеялардың негізгі бағыттарын айқындауға арналған жоспарлау сессиясы өтті, пікір алмасу барысында қатысушылар өз өңірлеріндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Кешкі бағдарлама этно тақырыптағы «Ethno Quiz» интеллектуалды ойынымен жалғасты. Форум соңында Студенттік Ассамблеяның өкілдеріне сертификаттар табысталып, белсенді қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен марапатталды. Екі күнге созылған форум мазмұнды пікір алмасуға, жаңа серіктестіктер орнатуға және студенттік бастамаларды дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.