Күздің күңіренген ауа райында жазғы демалыстар қимас сезіммен жиі есіңе түседі. Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы «Простор» жазғы экспедициялық кампусында өткен отбасылық демалыс жылдағыдан ерекше өтті.

5 жыл ішінде мұнда көптеген өзгерістер орын алды. Ерекше күтіммен қаралған демалыс аймағы, жаңартылған үйлер, әңгіме-дүкен құратын саяжай, шөбі шабылған көгалды аймақтар бірден назарыңа ілінеді. Кампустың тыныс тіршілігіне жауапты Бауыржан мен Шынар ерекше ілтипатпен қарсы алып, демалыс орнының аймағын таныстырды.

Толықтай жарық тартылған, күні-түні күзетілетін кампустың қауіпсіздігін жоғары бағалай кету керек. Қажетті жағдайда мұнда медициналық көмек те көрсетіледі. Тұрмыстық тұтынушылық орындары жаңартылып, жайлы асхананың шатырына күннен қуат алатын батареялар орнатылған. Технология қазан ошақ ортасын үздіксіз ыстық сумен қамтып тұрады. Ақылы демалыста еуропа, шығыс тағамдарынан үш уақыт дәм татасыз.

Жарқын да, жайлы әсерге толы күндер ұмытылмас шаққа айналды. «Су ресурстары және оны пайдалану» оқу бағдарламасы студенттерімен ұйымдастырылған кешкі от жағу, шулаған Бұқтырма суына көз тоймайды. Кампус аймағында тәжірибелік шаруаларын істеп жүрген «Сәулет және құрылыс», «Жер туралы ғылым» мектептерінің студенттері де көңілді демалысты түрлендіре түсті. «Простор» - сабырлы ой, шығармашылық идея және жайлы жанұялық демалыс үшін таптырмайтын орын.

ЖОО басшылығына, Алғашқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ш. Солтанбековаға және «Простор» еңбек ұжымына жазғы демалыс үшін шексіз алғыс білдіремін. Барлық қызметкерлерге бұл керемет орынды тамашалауды тілеймін.

Специалист Управления стратегии развития и обеспечения качества
Ж.В. Грашина