Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасындағы «Алтын-Бесік - Мұзтау» клубының студенттері және кафедра оқытушыларының қатысуымен «Наурыз: Ұлы даланың жаңаруы, тарихы, мәні және ұлттық ойындар» атты танымдық-мерекелік сайыс өткізілді. Аталған танымдық-мерекелік шараға 24-ИСК-1, 24-ИСК-2, 24-ЛДК-1, 24-ССТК-2о, 24-ТТК-1 топтарының студенттері қатысты.

Шара барысында клуб жетекшісі Наурыз мейрамының тарихы, дамуы, мағынасы, тойлану ерекшеліктері және мерекеде ойналатын ұлттық ойындар туралы ақпаратпен таныстырды. Шараның екінші бөлімінде қатысушылар екі топқа бөлініп, берілген мағлұмат бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл топтық сайыстың келесі кезеңдері ұлттық ойындар: асық ату, орамал тастау, білек сынасу ойындарымен жалғасты. Ұлттық ойындарды ойнау барысында барлық қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, «қара жорға» биін билеп, домбырамен күй, терме орындап, өздері шығарған өлең жолдарын оқып, ән айтты. Шара соңында клуб студенттері мен оқытышылар жайылған мерекелік дастарханға жайғасты.

Өткізілген шара жоғары деңгейде өтіп, халқымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, төл мерекеміздің құндылықтарын жастардың бойына сіңуіне әсерін тигізіп, қызығушылықтарын оятты.