Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «EKTU отбасы» жобасы аясында балаларға арнап мереке өткізді.

Іс шара жоғары оқу орнының ұжымына арналды.

Балалар үшін түрлі ойындар, би, байқаулар, аквагрим, шығармашылық шеберлік сағаттары, спорттық сайыстар және тікелей қатынасуға болатын зоопарк ұйымдастырылды.

Балалар түрлі шараларға қатысып, көтеріңкі көңіл күймен жүрді. Командада ойнауды үйреніп, фантазияларына ерік берік, шығармашылық қабілеттерін танытты.

Айта кету керек, мұндай шаралар балалар үшін көптеген қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді.

  Барлық фото