Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі күні Өскемен қалалық пікірсайыс қауымдастығының ұйымдастыруымен Еңбек күні мерекесіне орай «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында студенттер мен оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирі өтті.

Аталмыш іс-шараға біздің университеттің «Еркін сөз» дебат клубының мүшелері Арыхханов Ертіс, Тоқтарғалиев Айбек қатысып, бірінші орын, Алипбаев Әлем екінші орын алды.

Пікірсайысшыларға алдыңғы ойындарда да сәттілік пен жеңіс тілейміз!