Жастардың рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, Университет тарапынан студенттерді облыстық драма театрының қойылымдарына апаруды ұйымдастыру жалғасуда. Жаңа оқу жылы басталысымен, студенттер Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Қазақ және Жастар театрының жаңа маусымдарының ашылуына барып, репертуарларының көрермендері болып қайтты.

17 қыркүйек күні Қасым ханның өмірі мен билігі кезеңінен сыр шертетін «Қазақтар» тарихи драмасына 119 студент пен кураторлары барды. 18 қыркүйек күні көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған музыкалық комедия жанрындағы «Ғашықтар хикаясы немесе общагадағы серілер» спектаклін 185 студент өз кураторларымен тамашалады.

Театр актерлері өз рөлдері арқылы, тарихи және қазіргі өмірдің кейбір мәселелеріне көрерменнің шынайы көзқарастарын қалыптастыруға және қайта қарауға мәжбүр етіп, әр көрерменнің жүрегіне жол таба білді.

Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.