Қазақстанда жас ғалымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау күннен-күнге артып келеді. Атап айтқанда, «Жастар үшін тұрғын үй» бағдарламасы аясында, Қазақстанның ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер саласында еңбек етіп жүрген жас мамандарға арзан бағамен баспана алуға мүмкіндік берілуде. Бұл бағдарлама АО «Отбасы банк» пен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Өткен жылы ШҚТУ-дың ғылыми қызметкері Асқадұлы Қанат аталмыш бағдарлама аясында өзінің жеке тұрғын үйіне қоныстанды.
2023-2027 жылдарға арналған бағдарлама жас зерттеушілерге жеңілдетілген шарттармен баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл қолдау Қазақстандағы ғылымның дамуы үшін аса маңызды қадам болып табылады. Өйткені жас ғалымдардың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың кәсіби өсуіне және ғылыми жұмыстарына тың серпін береді.