Ресей Федерациясының Бас прокуратурасының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар конкурсы өткізілуде.

Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.

Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет.

Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life (сайтта конкурстың ережесі орналастырылған) ағымдағы жылдың 1 маусымынан1 қазанына дейінгі кезеңде өткізіледі.