Университетіміздің ғылыми кітапханасында белгілі жазушы, журналист, публицист Әлібек Қаңтарбаевпен кездесу өтті.

Ақын өз шығармашылық жолы, өмірімен алынған қызықты сәттері жайында әңгімеледі. Кеш қонағы ақынның қанаттас әріптесі, жазушы, ШҚО жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Мұхтарханкызы Әлібек Қаңтарбаевты халық көрмеген қырларынан сипаттады. Студенттердің айтуы бойынша, еліміздің осындай белді азаматтарымен әңгімелесу – рухани жағынан серпін беретін тартымды тәжірибе. Жастар ақын шығармашылыған алынған туындыларды мәнерлеп оқыды.

 Іс-шара кітапхана қызметкерлері мен Қазақ және орыс тілдері кафедрасының бірлесуімен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі