Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың 3-студенттер үйінде студенттермен еркін кездесу өткізілді. Кездесуге «Нұр Отан» ХДП қарасты «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы М.Бахыт пен Өскемен әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Р.Ахметжанов қатысты.

ШҚМТУ студенттері А.Нукештаева, А. Әділбеков съезге қатысудан алған өз әсерлерімен, эмоцияларымен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар облыс орталығының барлық оқу орындарында өтеді. Өз кезегінде, жастар әлемді сапалы білім және белсенді азаматтық көзқарас негізінде өзгертуге болады деген қорытындыға келді.

Б. Қадыров