Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың колонналы залында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің бастамасымен американдық спикер Карен Петерсон АҚШ-тағы Makerspace тәжірибесі жайында университет оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді. Ол старт-ап жобаларының ерекшеліктері, STEM-білім беру технологиясының маңыздылығы мен басымдығы туралы және т.б. тақырыпта сөз қозғады. АҚШ-тың білім беру саласында жиырма жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар медицина ғылымдарының кандидаты Карен Петерсон  STEM салаларында гендерлік теңдестірілген бағдарламалауды дамыту мақсатында семинарлар өткізуге маманданған.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі