2016 жылғы 09 қарашада Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер Кеңесі және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ардагерлер Кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Ардагерлер қатарында ШҚ облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Шерубаев, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Л.Аубакирова, Өскемен қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Денякин, облыстық әкімдіктің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Л.Старков және университет ардагерлер Кеңесінен Ю.Баталов, Т.Ипалаков, Б.Дьячков, Л.Сергиенко, Н.Куленова.

Бірлескен отырысқа қатысушылар үшін  университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында ректор Жасұлан Шаймардановтың қатысуымен қонақтарға университеттің ғылыми-зерттеу кешендерін: "Металлургия және материалтану" ғылыми-өндірістік кешенін, «Іргетас» аймақтық зертханасы мен тәжірибелі-өндірістік учаскелерді және т.б. зертханалармен таныстырды. Негізінен, ардагерлерді «Мехатроника және өндірісті автоматтандыру» жаңа зертханасының «FESTA» роботтандырылған желісі қатты қызықтырды.

Дөңгелек үстелдегі кездесуде университет ректоры Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы жүйенің өзгергендігі туралы және жоғары оқу орны ұжымының алдында тұрған университеттің даму бағдарламасы мен міндеттері туралы қысқаша айтып өтті.

Кездесу барысында әркім өз ойын ашық айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

- Мен Сіздермен толықтай келісемін. Бүгінгі таңда уақыт тез өзгеріп, қойылып жатқан талаптар күннен күнге күшеюде, сондықтан да студенттер осындай заманауи жағдайда, осындай жақсы жабдықталған университетте оқулары тиіс, - деп, ШҚ облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Шерубаев ниетін білдірді .

- Шынымен де, бізде құрметті оқытушылар жұмыс істеді, бірақ, бұл мәселенің тағы бір тұсын айта кету керек, олардың елу пайызы компьютерде жұмыс істей алмайды, ол рас. Біз оқу үдерісінде кәсіпорындарда қолданатын жобалаудың заманауи бағдарламаларын пайдаланамыз, сондықтан, біздің университеттің түлектері аталған бағдарламалармен сенімді жұмыс істей алу біз үшін өте маңызды, - деді Н.Куленова.

Кездесудің соңында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Л.Аубакирова қатысушыларға өлең жолдарын оқып берді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі