Студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметті - гуманитарлық және экономика ғылымдары бойынша орындаған ғылыми - зерттеу жұмыстарынан республикалық байқау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Байқауды Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі жыл сайын жоғары оқу орындар негізінде өткізеді. Байқауға студенттер және магистранттардың заманауи ғылымның приоритетті бағыттары және өзекті мәседелері бойынша жасалған, өздігімен орындалған ғылыми - зерттеу жұмыстары ұсынылады.

Ағымдағы жылда байқауға «6M070500 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» магистранттарының біздің университетіміздің оқытушылары жетекшілік жасау нәтижесінде орындаған жұмыстары ұсынылды. Ұсынылған жұмыстардың барлығы жүлделі орындарға ие болды:

  • 1 курс магитранты Жасболатов Думанның «Бауыр ауруларын дифференциалдық диагностикалаудың жүйесін құру» тақырыбынан жұмысы (жетекшісі- Увалиева И.М., PhD докторы, АЖ кафедрасының доценті) Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен марапатталды;
  • 1 курс магитранты Рыспаев Аділдің «Система управления распознаванием речевой информации» тақырыбынан жұмысы (жетекшісі- Бакланова О.Е., ф-м ғ. к., МжКМ каферасының ЖАК доценті) Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен марапатталды;
  • 2 курс магитранты Рыжкова Еленаның «Разработка и исследование алгоритмов компьютерного зрения для визуального контроля геометрических параметров объектов (определение границ контура детали)»
  • (жетекшісі- Бакланова О.Е., ф-м ғ. к., МжКМ каферасының ЖАК доценті) Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығындағы магистранттарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдіреміз!

Ақпараттық технологиялар мектебі