Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың экономика және ақпараттық технологиялар мен энергетика факультеттерінің жоғары курс студенттері, магистранттары белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің профессорының міндетін атқарушы Мірболат Сиховтың актуарлық математика жөнінде дәрістерін тыңдады.

Профессормен кездесуді ашқан ШҚМТУ ректоры Н.Темірбеков актуарлық математиканың рөліне тоқталды. Бұл салада Қазақстанда мамандар әлі аз. Сондықтан Мірболат Сиховтың дәрістері студенттер мен магистранттарға мол пайда береді.