ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жаңадан қабылданған латын әліпбиін қолдау мақсатында "Латын әліпбиі - өркениетке жол" атты "дөңгелек үстел" отырысы болып өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысының мақсаты – рухани жаңғырудың темірқазығына айналған латын әліпбиінің қабылдануына байланысты пікір алмасу. Жаңа қабылданған латын графикасы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру, маңыздылығы туралы ақпарат беру.

Шара барысында жаһандану мен жаңғырудың алғышарттарының бірі болып табылатын латын әліпбиі туралы сөз қозғалып, ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешім жаңа латын графикасы жайлы филолог мамандар, зиялы қауым өкілдері өзара ой бөлісті.

Аталмыш шараға ЖОО оқытушылары, медицина саласындағы мемлекеттік тілге жауапты мамандар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қоғамдағы белсенді азаматтар қатысты.

Б. Кадыров