Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Медицина инженериясындағы инновациялар. Отандық медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің үлгілерін жасау технологиясын әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара BR24992786 «Отандық медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің үлгілерін жасау технологиясын әзірлеу» жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан мен шетелдің жетекші ғылыми және медициналық ұйымдарының 40-тан астам өкілі – ғалымдар, инженерлер, Өскемен қаласының ауруханаларының тәжірибелік дәрігерлері, Satbayev University, Назарбаев Университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Kyungsung University (Оңтүстік Корея), Zagreb University (Хорватия) өкілдері, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Smart Engineering» құзіреттілік орталығының мамандары қатысты.
Шараның мақсаты – инженерлік және медициналық мамандар арасындағы өзара әрекетті нығайту, имплантология саласындағы өзекті бағыттарды талқылау және отандық жоғары технологиялық медициналық өнімдерді жасау.
Қошемет сөзінде ВКТУ-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Арайлы Сарсембаева шараның маңыздылығын атап өтіп, инженерлік және медициналық қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміт білдірді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының жоғары санатты нейрохирург дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Мурат Умирханович Байдарбековтің омыртқадағы дегенеративті-дистрофиялық ауруларды хирургиялық емдеуде трабекулярлық кейджді әзірлеу және қолдану жөніндегі баяндамасы тудырды.
ҚР «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ онкохирургі Жанат Умирзаковна Пысанова сүйек обырларын емдеуде Қазақстанда 3D-протездеудің практикалық қолданылуына арналған баяндамасын ұсынды.
Талқылау барысында халықаралық және университетаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Жоба аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» ЖШС ғалымдары бірлесіп жұмыс атқаруда. Бірлескен зерттеулердің нәтижелері мен технологияларды одан әрі дамыту перспективалары туралы жетекші ғылыми қызметкер Юлия Ивановна Сафарова баяндады.
Satbayev University Металлургия және байыту институтының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Аксауле Алиповна Мамаева әртүрлі әдістермен кальций-фосфат жабындарын алу зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
Kyungsung University (Пусан, Оңтүстік Корея) PhD докторы Suresh Alapati тін инженериясы тапсырмалары үшін сұйықтық ағынын тығыз құрылымдарда CFD-имитациялау жөнінде баяндамасын жасады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Smart Engineering» құзіреттілік орталығының басшысы Данияр Калиев медициналық құрал-жабдықтарды жобалау және өндірудегі заманауи технологиялар туралы айтып берді.
Талқылау барысында қатысушылар отандық инновацияларды қолдау және жаңа технологияларды практикалық денсаулық сақтау саласында енгізуге бағытталған бірлескен зерттеу жобаларын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселелерін де көтерді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды әрі қарай дамытуға және заманауи медициналық көмек сапасын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделілік білдірді.


