29 сәуір  2017 жылы Д.Серікбаев атындағы ШығысҚазақстан Техникалық Университетінің «шет тілі» кафедрасында «Ағылшын тілі аптасы» аясында 2-3 курс студенттері арасында кәсіби бағытталған шет тілі пәнінің тақырыптары бойынша ең жақсы презентацияға сайыс өткізілді. Әділ қазылар мүшесінің төрағасы арнайы шақыртылған қонақ Стефани Корвин болды. Студенттердің жұмысын бағалаудағы ең басты критерийлер: презентацияның сапасы, тақырыптың толық меңгерілгендігі, шет тілін білу деңгейі болды. Біздің студенттер сайыстың шартын керемет орындады және болашақта осындай танымдық сайыстарға қатысуға ниеттерін білдірді. Сайыстың нәтижесі бойынша, Стефани Корвин студенттерге сыйлықтар мен марапаттаулар ұсынды.

Сайыстың нәтижесі:

1 орын - Нұрмұханова Алтынай, Ежембаев Медет (15-АУК-1)

2 орын - Мугайленова Меруерт, СаршановНуржан (14-ПОК-2)

2 орын – Бабаш Кундыз, Семьянова Лаура (14-ПОК-1)

3 орын -Утепова Аида,КапашовМадияр (15-АР-2)

Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз: Макишов Н.Б., Танекенов Ж.С., Калелова И.М.!   Шығармашылық табыс тілейміз!


М. Юсубалиева