«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру барысында жастардың адамгершілік-рухани мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 30 қарашасында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Н.Назарбаев және қоғамдық сананы жаңғырту. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» танымдық кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің, 21ТМК-1, 21ТТК-1 және жоғары IT-Колледжінің 1 курс студенттері қатысты.

Танымдық кештің мақсаты: «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Елбасының еңбек жолы, Егемен Қазақстанның бүгінгі беталысы мен бағдары жөнінде мағлұматтар беру.

Елбасының «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мақаласына төңірегінде, қазіргі Қазақстанның дамуының беталысы жөнінде Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Садвакасова өзінің тың ойымен бөлісті.

Университетіміздің бетке ұстар жоғарғы курс студенттері М. Кеңесжан, С.Нұсқау аталмыш кешке арнайы шақырылып, өздерінің төл шығармаларын оқыды.

Студенттердің зияткерлік білімдерін пысықтау мақсатында, «Каhooт» викториналық ойыны ойнатылды. Ойынға белсенді қатысқандарға кішігірім сыйлықтар берілді.

Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бас мамандары М.Амринова және Э.Еркімбекова ұйымдастырды.