2025 жылғы 09-10 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Kaz Minerals компаниясының мансаптық форумы өтті.
Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, өткен жылдардағы түлектерді біріктірді.
Форумның негізгі қатысушылары ШҚТУ келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттері болды:
- Механика және металл өңдеу;
- Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
- Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар;
- Электр энергетикасы;
- Пайдалы қазбаларды байыту;
- Тау-кен ісі;
- Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
- Металлургия;
- Автоматтандыру және басқару;
- Қоршаған орта химиясы және тұрақты даму;
- Химия, Химиялық инженерия.
Форумның спикерлері KAZ Minerals компаниясының өкілдері болды:
- Исааков Алтынбек Рахымқанұлы – сульфидті кендерді байыту қызметінің бастығы, ішкі brand ambassador Kaz Minerals;
- Рамазанова Жанел Алтайқызы – персоналды іріктеу бойынша жетекші маман;
- Бетцольд Александр Дмитриевич, Ермеков Бақытжан Алданұлы –өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушылар;
- Сейткерова Әйгерім Еранқызы – персоналды іріктеу жөніндегі маман.
Форум бағдарламасында: "KAZ Minerals-тағы мансаптың барлық қырлары", "Тағылымдамашы", "Вахталық режимдегі мансаптық мүмкіндіктер", "Білім беру гранттары мен стипендиялар беру" компанияның бағдарламаларының тұсаукесері ұсынылды.
Сонымен қатар тақырыптар бойынша қонақ дәрістер ұсынылды:
- Стационарлық жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу;
- Қазіргі әлемдегі электр энергиясының маңызы;
- Байыту фабрикасының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу басқармасы;
- Мыс кендерін байытудың заманауи технологиялары: Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің тәжірибесі;
- Қазіргі әлемдегі автоматтандыру мен КИПиА маңыздылығы.
Форумның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтар ұтып алды. Бағдарламаларға және келешекте жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқандар mock-сұхбатқа қатысты, онда жеке сынақ сұхбаты өтті, компания мамандарының ұсыныстары мен сұрақтарына жауаптар алды.
Мансап форумы білікті инженерлік кадрларды даярлау саласында ШҚТУ мен KAZ Minerals компаниясы арасындағы кәсіби бағдарлау, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды алаңға айналды.
Программа предоставления образовательных грантов и стипендий