Шетел азаматтарын қабылдау:

Шетел азаматтарын ақылы негізде Университетке қабылдау Университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Құжаттарды 01 маусымнан 25 тамызға дейін қабылдайды.

Құжаттар тізімі:

  • мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған өтініш (сауалнама-өтініш);
  • Білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасымен). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус жүзеге асырады;
  • Жеке басын куәландыратын құжат, құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус жүзеге асырады;
  • Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік
  • № 075 денсаулық анықтамасы, медициналық анықтамалар Қазақстан Республикасының аумағында жасалған;
  • электрондық нұсқадағы 3х4 фотосурет

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде берілген білім туралы құжаттар нострификациялау рәсімінен өтеді.