Биыл үшінші рет өткізілетін "JAS QALAM" жобасы мыңдаған жас журналистердің, блогерлердің, студенттер мен оқушылардың, шығармашыл жастардың басын біріктіруде. Сондағы мақсат - жаңа онлайн медианың бөлшегі болу!

Құрметті студенттер, "JAS QALAM" жас журналистерге арналған республикалық-онлайн жобаның қатысушысы болып, бағыңызды сынап көріңіз. Жоба 26 қазан күні Елбасы Қорының қолдауымен өткізіледі.

Бұл жас, әмбебап, жаңашыл журналистердің жаңа алаңын құру мақсатында жүзеге асуда.

Осы жылы қатысушылар бір ай төмендегі 4 бағыт бойынша екі тілде білім алады:

  • Блоггинг және әлеуметтік медиа
  • Жеке брендинг және PR
  • Тележурналистика
  • Баспа және интернет журналистика

Осы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін мына сілтемеге өтіп https://taplink.cc/jas.qalam 22 қазанға дейін өтініш білдір!

Білім ТЕГІН, орындар ШЕКТЕУЛІ! @jas.qalam