Биыл 1 наурызы мен 30 сәуірі аралығында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нiң 65 жылдығын тойлау шеңберінде және «EKTU Otbasy – әл-ауқаттың аумағы «Wellbeing» жобасын іске асыру аясында, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ клубтары арасында «УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҮЗДІК КЛУБЫ» атты байқауы ұйымдастырылды.

Байқау комиссиясы соңғы 3 жылда клубтардың жұмысы туралы 9 презентацияларды қарап шыгып,мынадай шешімге келді:

1 орын

  • «Абай» әдеби клубының жетекшісі – «Қазақ және орыс тілі» кафедрасының оқытушысы Есімжанова Г.Т.;
  • «ОРМАН» студенттік экологиялық клубының жетекшісі – ЖТҒМ- нің аға оқытушысы Лутай С.С.;

2 орын

  • «Нұрлы жүрек» волонтерлар клубының жетекшісі - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің оқытушысы Оразаметова Г.Ш.;
  • «КЛЕВЕР» экологиялық клубының жетекшісі – МжПҚБ мектебінің аға оқытушысы Петрова О.А.;

3 орын

  • «English in Action» клубының жетекшісі – «Шетел тілі» кафедрасының аға оқытушысы Токтаргалиева К.М.;
  • «А.С.Пушкин» клубының жетекшісі – «Қазақ және орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Сагитжанова З.Т.

Барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз және байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!