Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУнің шет тілдер кафедрасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың 20-27 сәуір аралығында "Ағылшын тілі" бағыты бойынша ҚР жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтарының 1 курс студенттері арасында қашықтық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; шетел тілін үйренуге қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. І кезеңде студенттер университетіміздің www.do.ektu.kz  сайтында орналасқан лексико-грамматикалық тест шешті. Тест 50 тапсырмадан тұрды, оның ішінде 45 – лексико-граммматикалық сұрақтар, 5 сұрақ мәтін бойынша болды. Екінші кезеңге өткен студенттер "If Life Gives you Lemon, Make Lemonade: Positive Sides of Coronovirus Quarantine" тақырыбында эссе жазды.

Олимпиадаға барлығы 64 студент қатысты, оның ішінде 4 КАСУ студенттері:

  • Пожидаева Дарья Романовна (Психология);
  • Калиев Ануар Нурланович (Ақпараттық жүйелер);
  • Бурлакова Наталья Сергеевна (Дене шынықтыру)
  • Калачёва Кларисса Леонтьевна (Педагогика және методика)

Және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ дан 1 студент:

  • Қорғаубек Арна (Шет тілі:2 шет тілі)

1 тур нәтижесі бойынша орындар төмендегідей үлестірілді:

А2 деңгей

1 орын Бегимханова Айша Ержановна 19-АРК-1 (94%)

2 орын Қабдешов Толағай Алмазұлы 19-МКК-1(92%)

3 орын Әскербек Айдана Нұрланқызы 19-БМК-1(82%)

А1 деңгей

1 орын Егіспеков Руслан Айдынұлы 19-ТЛК-1 (90%)

2 орын Семенкова Елена Александровна 19-ВР-1(86%)

3 орын Пожидаева Дарья Романовна КАСУ «Психология» (84%)

           Бекболат Ләззат 19-ЭЛК-2 (84%)

          Акупова Зарина Бахитжановна 19-ГФМК-1(84%)

          Калачёва Кларисса Леонтьевна КАСУ «Педагогика және методика»( 84%)

Екінші кезеңге В1және В2 деңгейінің 4 студенті өтті, олардың арасында орындар төмендегідей үлестірілді:

1 орын Звонов Егор Дмитриевич 19-ВТ-1(98+23 барлығы 122 балл)

2 орын Уйданов Канат Булатович 19-МИ-1 (86+21 барлығы 106 балл)

3 орын Болгомбаева Аида Турсункалиевна 19-ИС-1 (80+24 барлығы 104 балл)

Барлық жеңімпаздарға карантин біткен соң ддипломдар табыс етіледі