Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да белгілі «NovоEd» білім беру - мониторинг компаниясы өткізген кадрлық скрининг бағдарламасы табысты аяқталғаны туралы дәлелдейтін сертификаттар тапсырылды. Сертификаттарға 50 адам ие болды, олардың арасында проректорлар,бөлімшелер бастықтары, факультет декандары мен олардың орынбасарлары, ЖОО-ның кафедра меңгерушілері бар.

Интересно и полезно Интересно и полезно Интересно и полезно Интересно и полезно Интересно и полезно Интересно и полезно

ШҚМТУ-да кадрлар скринингі 2 апта жүргізілді. Оның басты мақсаты инновациялық технологиялар мен әдістемелердің көмегімен университет қызметкерлерінің әлеуетін барынша дамыту арқылы жоғары жетістіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Скринингті өткізудің нәтижесі - Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ- да 2015-2018 жылдары стратегиялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында ЖОО-ның стратегиялық міндеттерін орындау үшін қызметкерлердің әлеуетіне берілген жан-жақты және әділ баға.