Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде индустриялық серіктеспен: «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС бірлесіп ұйымдастырылған салалық хакатон өтті. Іс-шара Өскемен қаласы мен жақын аудандардың мектеп оқушыларын біріктіріп, Қазақстан Республикасындағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді.

Хакатон оқушыларды инженерлік-техникалық салаға ерте бағыттауға арналған маңызды кәсіби бағдар беру алаңына айналды. Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, нақты өндірістік кейстермен жұмыс істеп, энергетика саласының ерекшеліктерін және қазіргі өндіріс талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Жарысқа 14 команда қатысты. Бағдарлама үш кезеңнен тұрды: Kahoot платформасы арқылы өткізілген ойын кезеңі, «Согра ЖЭО» ЖШС ұсынған өндірістік тапсырмаларды шешу және финалдық «Супер жүлде» кезеңі - «ОЭСК» АҚ тарапынан ұсынылған кейстер. Мұндай формат қатысушыларды өндірістік ортаға барынша жақындатып, тәжірибеге бағытталған дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Хакатонды өткізуде кәсіби қазылар алқасының рөлі ерекше болды. Оның құрамына өндіріс саласының және университеттің білікті өкілдері кірді: Тайтиков Б. Т. - «ОЭСК» АҚ орталық диспетчерлік басқармасының бастығы, Селиванов В. А. - «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС электр цехының бастығы, Боранбаева З. Н. - «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС персоналмен жұмыс және әкімшілік мәселелер бөлімінің бастығы, Адылхан А. Б. - ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы, Асылжанова А. Б. - күрделі құрылыс басқармасының жетекші инженері, топ жетекшісі, және Акаев А. М. - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ШАСжЭ факультетінің деканы.

Сарапшылардың қатысуы ұсынылған шешімдердің объективті бағалануын қамтамасыз етіп, университет пен өндіріс арасындағы тығыз байланысты айқындады.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • 1 орын - ШҚО ББ «Математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ командасы;
  • 2 орын - Өскемен қаласы №49 жалпы білім беретін мектебінің командасы;
  • 3 орын - Өскемен қаласы №46 орта мектебінің командасы;
  • «Супер жүлде» - Өскемен қаласы №12 мектеп-гимназиясының командасы.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында университет студенттері арасында «Менің мамандығым - энергетик» тақырыбында эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл байқау студенттердің кәсіби мотивациясын қалыптастыруға және саналы түрде мамандық таңдауына бағытталды.

Байқау жеңімпаздары:

  • 1 орын — Закиева Линара (25-ЭЛК-1 тобы);
  • 2 орын — Иванов Кирилл (25-ЭЛ-1 тобы);
  • 3 орын — Мукатаева Еркежан (25-АЭС-1т тобы).

Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Аталған хакатон университет пен индустриялық серіктестер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл моделін көрсетіп, тәжірибеге бағытталған білім беруді дамытуға, студенттердің өндіріс саласымен байланысын нығайтуға және жастардың инженерлік мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Университет демеушілік қолдау көрсеткені үшін серіктес «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-не, Бас директоры Мерей Әділбекұлының тұлғасында, алғыс білдіреді.