«Машина жасау» мамандығы бойынша теориялық білімді бекіту мақсатында, кафедра өкілдері 15-ТМк - 1,2 топтары студенттеріне арнап Өскемен арматура зауытына экскурсия ұйымдастырды.

Студенттер шибер ысырмасы бөлшектерін әзірлеудің өндірістік процесімен танысты. Олар қалыптау мен дайындама әзірлеу кезеңінен бастап құрастыру-сынау кезеңіне дейін дайын өнім алу үрдісін бақылауға мүмкіндік алды. "ӨАЗ" АҚ өндіретін ілмекті арматура Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде сұранысқа ие.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ басшылығының атынан өндірістік ұжымына, атап айтқанда, "ӨАЗ" АҚ бас технологының орынбасары Н. Кривосенькоға болашақ мамандарға жоғары деңгейдегі экскурсия ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.