Университеттің студенттерімен «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Тәуекелсіз ойын: құмар ойындардың құқықтық және жеке аспектілері» тақырыбында кездесу-лекция өткізілді.

Кездесу барысында студенттер лудоманияның пайда болу себептері, негізгі белгілері мен салдары туралы ақпарат алды. Құмар ойындардың адамның психологиялық жағдайына, қаржылық тұрақтылығына, оқуына және жақындарымен қарым-қатынасына әсері түсіндірілді.

Сондай-ақ ойынға тәуелділіктің алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру, жауапты шешім қабылдау және қиын жағдайда мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.

Интерактивті бөлімде студенттер құмар ойындарға қатысты кең таралған аңыздарды талқылап, ұсынылған жағдаят бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, құмар ойындардың қауіпті салдары туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталды.