Голливудтың танымал актерлері Кэри Тагава, Майкл Мэдсон, Бай Линг, Марк Дакаскос және Эрик Робертс Шығыс Қазақстан облысына келді. Олар облыс орталығына және облыстың бірнеше ауданына барады.

Сапардың мақсаты - әлемдік телеарналардың біздің аймақ туралы арнайы фильм түсіруі. Голливуд жұлдыздарын, сондай-ақ қазақстандық әріптестері Еркен Ялгашев пен Арман Асеновты  Өскемен әуежайында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ студенттері қарсы алды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі