Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, университетке қабылдау және түлектерді жұмысқа орналастыру Басқармасы 2016 жылдың 28 сәуірінде № 46 мектеп негізінде өткен Өскемен қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Түлек-2016» қалалық форумына қатысты.

Форумда Өскемен қаласының жоғары оқу орындары таныстырылды.

Мұғалімдер мен орта мектеп, лицей гимназия түлектеріне университеттің ғылыми жобалары көрмесі ұйымдастырылып, инженерия факультетінің «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы студенті Қантай Ерасыл мен жер туралы ғылымдар факультеті «Металлургия» мамандығының магистранты Набиева Айгерім Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мамандақтары жайлы презентациясын ұсынды.